• Басты
  • Жаңалықтар
  • ӨДМ 2014 жылы үш жылдық ауыл шаруашылығы жерлерінің инвентаризациясын аяқтайды

ӨДМ 2014 жылы үш жылдық ауыл шаруашылығы жерлерінің инвентаризациясын аяқтайды

5 Наурыз, 2014 10:30
Өңірлік даму министрлігі ағымдағы жылы үш жылдық ауыл шаруашылығы жерлерінің инвентаризациясын аяқтайды деп ведомствода хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін министрлік ағымдағы жылы үш жылдық  ауыл шаруашылығы жерлерінің инвентаризациясын аяқтайды. Бұл үрдіс 2012 жылы басталған болатын», - деп хабарлады ведомствода.

 Инвентаризация сараптамасының 2012-2013 жылға арналған қорытындысы әрбір үш жылдық ауыл шаруашылығы жерлерінің инвентаризациясын аяқтайды.

Ауыл шаруашылық бағыттағы жер телімдерін тиімді және ұтымды қолдану үшін ведомство  «Жер қатынастарын реттеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына тиісті түзетулерді дайындады.

Айта кету керек, бүгін Астанада ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің төрағалығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен жер қатынасы заңнамасы мен хаттауды жетілдіру мәселесі бойынша кездесу өтті.

Шараға қатысушылар 2012-2013 жылдары ауыл шаруашылығы айналымына кіргізілген ауыл шаруашылық жер-суды хаттау қорытындысын жариялап, Мемлекеттік жер кадастрын енгізу бойынша кәсіпкерліктер қызметімен танысты.

Барлық жаңалықтар