Вашингтонда қазақстандық антиядролық бастама талқыланды

5 Наурыз, 2014 09:45
Вашингтон қаласында қазақстандық делегация ядролық қарусыздану мен таратпау жөніндегі парламентарилер Одағының Ассамблеясына қатысты.

ҚР Парламент Сенатының халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі Комитет хатшысы Бірғаным Әйтімова, халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі Комитет хатшысы Виктор Рогалев, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Роман Василенко және АТОМ жобасының құрметті елшісі, суретші Қаріпбек Куюков Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, ГФР, Эстония, Мысыр, АҚШ және басқа да бірқатар елдердің ядролық қарусыздану саласындағы сарапшылары мен белсенділері, парламент мүшелі қатысқан іс-шараға атсалысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Қазақстан өкілдері өз сөздерінде әріптестерін еліміздің таратпау және ядролық қарусыздану ісіндегі қол жеткізген жетістіктері мен бастамаларымен таныстырды. Өткен кезеңдегі атқарылған жұмыс қорытындыларын, соның ішінде Парламент Мәжілісі мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың тамыз айында Астанада 80-нен аса мемлекет өкілдерінің қатысуымен өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» атты халықаралық конференция қорытындыларын бекіту ассамблеяның нәтижесіне айналды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жұмыс жоспары бекітіліп, Б.Әйтімова ҚР Парламенті атынан Ядролық қарусыздану мен таратпау жөніндегі парламентарилер Одағының Кеңесіне мүше болып сайланды. Ал В.Рогалев Кеңесте Парламенттің төменгі палатасын өкілдік ететін болады.

Қазақстандық өкілдік делегацияның ядролық қарусыздану мен таратпау жөніндегі парламентарилер Одағының Ассамблеясына қатысуы мемлекетіміздің өкілдерінің сөздерінде ғана емес, сонымен қатар басқа да қатысушылар сөздерінде кеңінен аталып өтілген еліміздің ядролық қарусызданудағы үлгісін анық көрсетті.

Қазақстандық парламентарилердің Д.Рорабакер, М.Мидоус, Р.Адерхолтом секілді конгрессмендермен және сенатор Д.Бузманмен өткізген екіжақты кездесулерінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік мәселелері, «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсаттары мен тапсырмалары, парламентаралық байланыстарды нығайту болашағы мәселелері талқыға салынды.

27 ақпан күні АҚШ Сенатының Кеннеди атындағы тарихи залында Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі, парламентарилер Одағы мен Массачусетс штатынан сенатор Эд Маркидің ұйымдастыруымен қабылдауы болып өтті. Конгресс мүшелері, сарапшы топ мүшелері, ғылыми-сараптамалық топтар, БАҚ және дипломатиялық корпус өкілдері алдында сөйлеген сөзінде парламентарилер Одағының со-президенті болып табылатын американдық сенатор Қазақстанға халықаралық ұйымды берік қолдауына және АҚШ-пен ядролық қарусыздану саласында тығыз ынтымақтастығына алғысын білдіріп, республикамыздың ядролық таратпау және қарусыздану ісіндегі көшбасшылығын ерекше атап өтті. Э.Марки АҚШ Әкімшілігін елдегі қаруда бар ядролық арсенал өндірісі мен санын қысқартуға шақырып, үнемделген қаражаттың 100 миллиард АҚШ доллары көлемінде америка халқының әлеуметтік қажеттілігіне жұмсауды ұсынды. Ол АҚШ Конгрессінде тиісті заңнама жасау бастамашысы болды. ҚР АҚШ-тағы Елшісі Қайрат Омаров өз сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы және ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешімінің ескірмейтін маңыздылығын атап өтті. «Бізге барлықтарын ядросыз әлем мақсатына жақындау үшін жоспарлы түрде алға жылжуға тартуға моральдық тұрғыда қықығымыз бар»,-деп айтып өтті Қ.Омаров.

Өкілдік аудитория алдында сөз сөйлеген АТОМ жобасының Құрметті елшісі Қаріпбек Куюков еліміздің ядролық қарусыздану ісіне қосқан үлесі жайлы және өз өмірінің тарихы мен ядролық қарусыз әлем үшін күрес жайында айта отырып, ұзақ әрі шынайы қол шапалақтарға ие болды. «Мен өз өмірімді ядролық сынақтармен күресуге арнауға шешім қабылдадым, және ядролық қару сынақтарының зардап шеккен соңғы немесе соңғыларының бірі болып қалу үшін барлық күш-жігерімді саламын»,-деді суретші. Оның антиядролық тақырыптағы суреттері қабылдау залында қойылды.

Осыған дейн Р.Василенко мен Қ.Куюков Джордж Вашингтон университетінде студенттер, мұғалімдер, сонымен қоса ғылыми-зерттеу ортасының мүшелерінен құралған қонақтар үшін Қазақстан Республикасының антиядролық бастамалары туралы, соның ішінде АТОМ жобасы жөнінде лекция оқыды.
Өздеріңізге белгілі болатындай АТОМ Жобасы ғаламдық ядролық қарусыздану үрдісіне қосымша серпіліс беру үшін, атап айтқанда Жалпыға ортақ ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Келісімнің күшіне енуін қаматамасыз ету мақсатында Елбасының бастамасымен 2012 жылы іске қосылды. Қазіргі уақытта Келісімге 183 мемлекетпен қол қойылып, 161 мемлекет ратификациядан өткізген, алайда оның күшіне енуі үшін Үндістан, Пәкістан және Корея халықтық демократиялық Республикасы тарапынан қол қойылу мен ратификациялау және Мысыр, Израиль, Иран, ҚХР және АҚШ-тың ратификациядан өткізуі қажет.


 

 

Барлық жаңалықтар