Д.Жанұзақов, кәсіпкер: ШОБ тексерісіне мораторий – кәсіпкерлікті қорғау

5 Наурыз, 2014 09:35
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі Данияр Жанұзақовтың айтуынша, ҚР Президентінің кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізуі бизнесті қолдау шараларының бірі болып табылады.

«ШОБ тексерісіне енгізілген мораторий мемлекеттік тексеріс органдары тарапынан санкцияланбаған және заңсыз тексерістерден бизнесті қорғау жолындағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап тек заң бұзушылық деңгейі аса жоғары кәсіпкерліктер ғана тексерістен өткізілетін болады. Бұл дегеніңіз, егер кәсіпкерлер заңның барлық талаптарын орындайтын болса, тексеру органдары оларға мүлде ұрынбаулары керек», - деді Д.Жанұзақов.

Оның айтуынша, ҚР-да еліміздегі тексерістердің үштен бірі тиесіліне қатысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жою процедурасы қысқартылады.

«Бүгінде ШОБ тексерістерін азайту мен рұқсаттама құжаттарын беруді қарапайымдату бойынша үлкен жұмыстары жүргізілуде. Барлық өзгерістер мемлекеттің қамқорлығын көрсетеді және ШОБ құқын қорғау шараларын қабылдап жатқанының белгісі», - деді кәсіпкер.

Барлық жаңалықтар