- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңартулар аз уақыт ішінде нақты нәтижелер беріп отыр – Д. Цирконе
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жаңартулар аз уақыт ішінде нақты нәтижелер беріп отыр – Д. Цирконе
Жүргізіліп жатқан реформалар денсаулық сақтауды қаржыландыру, клиникалық басқаруды жүйелеу және басқарушы кадрларды дайындау, инфрақұрылымға және жабдықтарға инвестициялар салудың жаңа стандарттарын жасау сияқты мәселелер бойынша үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген.
Басқа елдерді мұндай ауқымды жаңашылықтарды енгізуге едәуір уақыт қажет болса, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жүйедегі маңызды элементтерді барынша қысқа мерзімнің ішінде өзгерте алды.
Ол реформаларға Австралия, Канада, Ұлыбритания елдерінің, Скандинавия елдері мен Түркияның тәжірибелері негіз болды. Денсаулық сақтау министрлігінде шешім қабылдаушы тұлғалар жасалып жатқан реформаларды егжей-тегжей зерделеп, жоғарыда аталған елдердің жетістіктері мен сәтсіздіктерін нақты бағалап шықты.
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту мемлекеттің қомақты қаржысын үнемдеуде және ресурстарды тиімдірек бөлу жолымен оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді
Денсаулық сақтау министрлігі мен халықаралық ұйымдар тарапынан дәрігерлерді дайындауға және олардың біліктіліктерін арттыруға салынған инвестициялар ана мен бала денсаулығы бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізіп отыр. 2013 жылға қарай Қазақстан Мыңжылдықтың даму мақсаттарына және халық арасында өлім-жітімнің негізгі көрсеткіштерін қысқарту бойынша ілгерілеушілікке қол жеткізіп отыр.
Атап айтқанда, 2000-2012 жылдар аралығында жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 502,3-тен 256,8-ге дейін қысқарса, шақалақтардың шетінеуі 19,6-дан 13,48-ге дейін төмендеді, ана өлімі 2000 жылғы 60,9 көрсеткіштен 2013 жылы 13,5-ке дейін төмендеді.
Міне осы жетістіктер соңғы он жылда халықтың жас ұзақтығын 5 жылға ұзартуға үлес қосып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады