• Басты
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға негізделген даму бағдарласын жүзеге асыруда – Д. Калогеропулос

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға негізделген даму бағдарласын жүзеге асыруда – Д. Калогеропулос

4 Наурыз, 2014 18:45
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға негізделген электрондық денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық бағдарламасыy іске асыруда. Осыған орай медициналық мәліметтерді басқаруды, стандарттау мен реттеуді басқару мәселелері жөніндегі консультант Димитрис Калогеропулос (Греция) өз сараптамалық пікірін білдірді.

Медицинаның сандық дәуірінде денсаулық сақтау саясатын басқару мен қалыптастыру мәселелерін де сандық форматта жүргізу керек. Міне сондықтан да медициналық технологиялар мен институционалдық реформаларды трансферттеу мәселесі бірінші кезектегі мәселелердің бірі.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға негізделген Электрондық денсаулық сақтау дамытудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаны әзірлеу барысында осы салада көшбасшы саналатын Австралия, АҚШ және Еуроодақ сияқты елдердің сәтсіздіктерден түйгендері мен алған сабақтары ескерілді.

Міне осы стандарттардың негізінде денсаулық сақтаудың ұлттық электрондық паспорты жүзеге асырылады. Оған медициналық жәрдемді үзіліссіз көрсету мен мүдделі тараптар арасында сенімді және уақтылы мәлімет алмасуды қамтамасыз ету жүйесіне арналған сандық тетіктер кіреді.

Электрондық денсаулық сақтау саоасындағы ұлттық бастама институционалдық құрылымды нығайтумен және әлеуетті арттыру бағдарламасымен үйлеседі. Бұл екі бағыт та жергілікті деңгейде электрондық денсаулық сақтауды дамытуды ынталандырудың ұлттық мақсаттары мен ортақ стандарттарын біріктіруге арналған.

Барлық жаңалықтар