Партия 15 жыл ішінде қуатты саяси институт болып қалыптасты – А. Соловьева

4 Наурыз, 2014 17:45
Партияның Орталық аппаратының аймақтық филиалдармен тиімді кері байланысы орнықты, облыстық, аудандық және ауылдық филиалдардың жұмысы жақсарды деп санайды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.

Депутаттың пікірінше,  партия  15 жыл ішінде қуатты саяси институт болып қалыптасып отыр.

«Партияның Орталық аппаратының аймақтық филиалдармен тиімді кері байланысы орнықты, облыстық, аудандық және ауылдық филиалдардың жұмысы жақсарды», – деді А. Соловьева «Нұр Отан» партиясының ресми порталына.

Сонымен қатар ол бүгінде партия жанында қоғамдық ой-пікірді талдап, бағамдайтын Зерттеулер институты тиімді жұмыс істеп жатқанына да тоқтала кетті.

«Партияның қоғамның осал тұстарын анықтап, онымен күресуде  Зерттеулер институты халықпен кері байланыс орнататын көпір қызметін атқарады», – деді Айгүл Соловьева.

Депутат сондай-ақ кадр даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар істеліп жатқанын де келтіре кетті.

 «Жаңа саяси Доктрина  партия өмірінің жаңа парағын ашып бергендей. Онда «Нұр Отанның» жұмысына қазіргі заманғы демократиялық әдістер көрсетілген.  Сонымен қатар, Доктрина «Қазақстан-2050» Стратегиясымен үндестік тапқан. Осы екі  жауапты құжат қазақстандық қоғамның дамуы үшін үлкен серпін беріп отыр», –  деп санайды Айгүл Соловьева.


 

 

 

Барлық жаңалықтар