• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Ұлттық банкінің «Байқоңыр» монетасы «Vicenza Numismatica - 2014» халықаралық конкурсында жүлдеге ие болды

ҚР Ұлттық банкінің «Байқоңыр» монетасы «Vicenza Numismatica - 2014» халықаралық конкурсында жүлдеге ие болды

4 Наурыз, 2014 18:14
Виченца қаласында (Италия) «Vicenza Numismatica - 2014» монета өнімінің халықаралық конкурсының қорытындылары бойынша салтанатты марапаттау рəсімі өтті. «Байқоңыр» ескерткіш күміс монетасы 2012 жылы соғылған ең үздік монета ретінде осы беделді конкурста екінші жүлдеге ие болды.

ҚР Ұлттық банкінде хабарлағандай, мұндай жоғары марапат символдық объектілерді бірегей əзірлегені жəне жоғары технологиялық өндірісте бірегей тұрғыдан қолданылатын күміс пен танталды шебер үйлестіргені үшін берілді.

Бұл монета ғарышты жəне əлемдегі ең əйгілі ғарыш алаңдарының бірі «Байқоңыр» ғарыш айлағын зерттеудегі маңызды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) стильдендірілген жұлдызды аспан жəне адам мен Ғалам бірлігінің нышаны ретінде екі адамның сұлбасы бейнеленген.

Монетада Байқоңыр ғарыш айлағы ашқан терезе ретінде түсіндірілетін «Шаңырақ» кескінін құрайтын жерсеріктер орбитасының стильдендірілген бейнелері көрсетілген.

Барлық жаңалықтар