• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылғы Жолдау - жаңғырту серпілісінің алдындағы аралық есеп - С.Арыстамбаева

2014 жылғы Жолдау - жаңғырту серпілісінің алдындағы аралық есеп - С.Арыстамбаева

4 Наурыз, 2014 18:15
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауы өз алдына жаңғырту бойынша серпілісінің алдындағы аралық есеп, деп есептейді Қаржы полициясы академиясы бастығының ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары, қаржы полициясының подполковнигі Светлана Арыстамбаева.

«Мемлекет басшысының әр халыққа Жолдауы - қазақстандық халықтың даму және гүлдену жолындағы бағындырар жаңа белестерінің куәлігі. Осы ретте, Жолдау-2014 өз алдына жаңғырту серпілісінің алдындағы аралық есеп», - деп Светлана Арыстамбаева атап өтті.

Қаржы полициясының подполковнигінің айтуынша, ол өзіне алдағы алтыншы және жетінші жолды ерекше бөліп алған.

«Қаржы Академиясы үшін ол - ҚР құқық қорғау органдарының жүйесіндегі ведомстволық білім беруді жетілдіру болып табылады. ҚР Қаржы полициясы саласындағы жалғыз оқу орны және «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік секциясының жоғарғы оқу орны төрағасы  ретінде Академия ведомстволық кадрларды дайындай барысында білім беру, ғылыми және тәрбилелік саласын тұрақты максималды дамытуды өз мойнына алып отыр», - деді С. Арыстамбаева.

Барлық жаңалықтар