• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясында кадрлық менеджмент бойынша семинар ұйымдастырылды

Мемлекеттік басқару академиясында кадрлық менеджмент бойынша семинар ұйымдастырылды

4 Наурыз, 2014 17:30
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Астана қалалық мемлекеттік органдардағы қызметкерлерді басқару қызметі мамандарына арналған «Кадрлық менеджмент» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинар аясында мемлекеттік қызметтің жұмыс істеу мәселесі, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен іріктеу өткізу тәртібі қаралады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік басқару академиясының хабарлауынша, семинарда мемлекеттік қызметтегі кадрлық резерв жұмысы, қызметкерлерді басқару жұмысының есебін дайындау, жауапты және алға қойған мақсатта аянбайтын команда жұмысын қамтамасыз ету үшін ұжымды құру бойынша кеңестер беріледі.

Семинарда Қазақастан Республикасы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттік өкілдері мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы дәріс оқиды.

Барлық жаңалықтар