• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену ұстанымы нашар еститіндер қоғамын шабыттандырады - Ж.Бекбатыров

Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену ұстанымы нашар еститіндер қоғамын шабыттандырады - Ж.Бекбатыров

4 Наурыз, 2014 17:16
Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену ұстанымы саңыраулар қоғамын шабыттандырады, деп «Қазақ саңыраулау қоғамы» ҚБ төрағасы Жангелді Бекбатыров «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген сұхбатында ағынан жарылды.

«Елбасының халыққа Жолдауын ишара тіліне аудару - естуі нашар азаматтарға ақпаратқа, маңызды ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бұқара халық оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар түгелдей білуі керек. Олар республиканың стратегиялық жоспарынан хабардар болуы  керек және өз болашақтарын соған сәйкес ойластыруы маңызды. Бұл ақпарат алу мәселесінде өте күшті көмек береді», -  деді  Ж.Бекбатыров.

Мемлекет басшысының Жолдауының сурдоаудармасынының бейненұсқасын таныстыру барысында Елбасының 2014 жылдың 17 қаңтарындағы  Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақ саңыраулар қоғамының» мүшелерінің назарына ұсынылды.

«Бүгін біз Президенттің мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету, оларды жұмысқа орналастыру, мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақыны жоспар бойынша көтеру  туралы айтқанын естідік. Сонымен қатар, кембағал жандарға ақша табу үшін барынша жағдай жасау тарабы да айтылды. Бұл біз үшін ең маңыздысы», - деп ол сендірді.

Ж.Бекбатыровтың айтуынша, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену ұстанымы саңыраулар қоғамын шабыттандырады.

«Үлкен мақсатпен және ынтамен біз мемлекет үшін еңбек ететін боламыз. Енді, кез-келген уақытта «Strategy2050.kz»АА порталына кіріп, өзімізге қажетті, дәйекті ақпаратты ала-аламыз», - деді «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Атап өтерлік жайт, бүгін «Казконтент» АҚ Strategy2050.kz ақпараттық порталындағы ҚР Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ халыққа Жолдауының сурдоаударма нұсқасын таныстырды. 

Барлық жаңалықтар