• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында несиелендіру үшін 4 млрд теңге бөлінді

2014 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында несиелендіру үшін 4 млрд теңге бөлінді

4 Наурыз, 2014 16:00
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында шағын несие беру үшін Қызылорда облысына өткен жылы 3 млрд теңге, биыл – 4 млрд теңге бөлінді.

Қызылорда облысында кәсіпкерлердің аймақтық отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында шағын несие беру үшін Қызылорда облысына өткен жылы 3 млрд теңге, биыл – 4 млрд теңге бөлінгендігін айтты.

 «Елбасы шағын және орта бизнес субъектілер санын арттыру және отбасылық бизнес, яғни әкеден балаға мұра боп қалатын шағын кәсіпті дамытуды тапсырды. Әсіресе ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту өте маңызды. Біз ісін ашып, кәсіп істеймін деген азаматтарға барынша қолдау көрсетіп, тәрбиелеуіміз керек», - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі сондай-ақ, облыстағы шағын және орта бизнестің үлесі ЖІӨ бар болғаны 8,5 пайызын ғана құрайды. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі көлемі 19 пайызға өссе, тікелей инвестициялау көлемі 40 пайызға ұлғайды. Облыстың 2014 жылға арналған бюджет 167 млрд теңге мөлшерінде бекітілді, оның ішінде өңірлік даму бюджеті 51 млрд теңге көлемінде (өткен жылы – 31 млрд) және бюджетті нақтылау барысында одан да артылуы мүмкіндігін айтты.

Барлық жаңалықтар