• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Көлбаев: ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы барысында Қазақстанның климаты ескеріледі

Б. Көлбаев: ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы барысында Қазақстанның климаты ескеріледі

4 Наурыз, 2014 14:30
ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын жүргізу барысында Қазақстанның ауа-райы жағдайы ескеріледі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «ЭКСПО - 2017 Астана» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бекжан Көлбаев мәлім етті.

«Біздің нысандардың құрылыс барысында қолданылатын барлық материалдар халықаралық талаптарға және қазақстандық стандарттарға сай болады», - деп Б. Көлбаев атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша Қазақстанның климаттық жағдайы ескеріледі.

«Нысандардың құрылысы барысында барлық климаттық жағдайлар ескеріледі. Ал, құрылыс материалдарына келетін болсақ, олар туралы нақты ақпараттар жобалық құжатнама жаңа кезеңге ауысқанда белгілі болады», -  деп Б.Көлбаев түсіндірді.

Жалпы, ол атап өткендей, жобалық құжатнама жасалу барысында. Қазіргі таңда «ЭКСПО - 2017 Астана» ұлттық компаниясы «коммерциялық келіссөздер мен тендер өткізу барысында», деді ол.

Барлық жаңалықтар