• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы ҰКП-да кәсіпкерлікті ашуға сервистік қолдау көрсету жоспарланған – Б.Жәмішев

2014 жылы ҰКП-да кәсіпкерлікті ашуға сервистік қолдау көрсету жоспарланған – Б.Жәмішев

4 Наурыз, 2014 12:31
Биыл «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікті ашуға сервистік қолдау көрсету жоспарланған, деп мәлімдеді өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Үкімет отырысында.

«Биыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікті ашуға сервистік қолдау көрсету жоспарланған. Аталмыш жоба мемлекеттік органдардың келісімін алған. Енді оны келесі Үкімет отырысында қабылдауды сұраймыз», - деді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, Өңірлік даму министрлігі тарапынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы кезекті өзгерістер енгізілген жобасы дайыдалып, мемлекттік органдарға жіберілді. Соның аясында бизнесті қолдаудың барлық құралдарын біріктіру көзделген.

«Біз бағдарламаға кезекті өзгерістер енгізілген жобасы дайындалып, мемлекеттік органдарға жібердік. Енді сол бойынша бірнеше бағдарламада көрсетілген кәсіпкерлікті қолдаудың барлық құралдары интеграцияланады. Осы тұрғыда осы аптаның соңына дейін аталмыш жобаны енгізу бойынша тапсырма беруді сұраймыз», - деді министр.

Бұдан басқа, БЖК бағдарламасына енгізілген соңғы өзгертулерді есепке ала отырып аймақтардағы өңірлердегі индустриалды аймақтарды дамыту жұмыстары күшейтіледі. 

«Ағымдағы жылы 15 индустриалды аймаққа инфрақұрылымды жеткізу қаржыландырылады. Облыс және Астана мен Алматы қаласының әкімдіктері келесі жылдан бастап инфрақұрылым бойынша қаржының 70% индустриалды аймақтарға есепке ала отырып, индустриалды аймақтарды дамыту бойынша бизнес жоспар мен жобалық-сметалық құжатнаманы жасау бойынша құлақтандырылған», - деді Б.Жәмішев.

Барлық жаңалықтар