• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ахметов Өңірлік даму министрлігіне БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

С.Ахметов Өңірлік даму министрлігіне БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыру сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды

4 Наурыз, 2014 12:20
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысында Өңірлік даму министрлігіне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

«Айта кетерлігі, бағдарламаны жүзеге асыру бойынша дұрыс бағытта келе жатыр. Біз оны бірінші жыл жүзеге асырып отырған жоқпыз. Өңірлік даму министрлігіне бағдарламаның сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Барлық мүмкіндікті қолданып, бұл бағдарлама 100 пайыз орындалу керек», - деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, ӨДМ бағдарламаның  одан әрі жетіліп, ҮИИД МБ екінші жарты жылдық құрылымымен санасып, «Даму» қоры – аймақтарда  мониторинг жүргізу қажет.

«Жалпы Өңірлік даму министрлігіне 15 наурызға дейін Үкімет назарына сәйкесінше жобаларды тапсыруды бұйырамын, оған қоса жүйелік қолдау бойынша жұмыстарды тағы бір рет қарап шығу қажет», - деді Үкімет басшысы.

Барлық жаңалықтар