• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда «БЖК-2020» бағдарламасы 80 мыңдай кәсіпкерді қамтыды – Б.Жәмішев

Қазақстанда «БЖК-2020» бағдарламасы 80 мыңдай кәсіпкерді қамтыды – Б.Жәмішев

4 Наурыз, 2014 11:00
Қазақстанда «БЖК-2020» бағдарламасы 80 мыңдай кәсіпкерді қамтыды, деп мәлімдеді ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Үкімет отырысында.

«Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдаудың ең сұранысқа ие бағдарламасына айналып отыр. Қатысушылардың саны да жыл санап артып келеді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер ЕДБ несиелерін кепілдендіру мен субсидиялау түріндегі қолдау құралдарын алу, жаңа бизнес идеяларға грант алу, инфрақұрылымды құру, сонымен қатар шет елде оқыту мен тәжірибеден өту, арнайы кеңес берудің қызметін иелену мүмкіндігіне ие болады», - деді Б.Жәмішев.

Жалпы, 2010-2013 жылдары бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 132,1 млрд теңге бөлініп, соның 53,3 млрд теңгесі 2013 жылға тиесілі.

«Қазіргі таңда қолдаудың барлық шаралары бойынша бағдарлама аясында 77 763 кәсіпкер қамтылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 229 жаңа жұмыс орны құрылды. Бүгінде экономикадағы әрбір бесінші жұмыс орны бағдарлама бойынша іске асырылған. БЖК бойынша, 2012 жылдың тиімділік есебімен 51,8 млрд теңге салық төленген», - дейді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша несие көлемі ШОБ берілген барлық несиенің 11,5%-ын құрайды. Қолдауға Индустрияландыру картасына енген жобалар да ие болды.

«Индустрияландыру картасының әрбір 4-інші жобасы бағдарлама арқылы қолдау тауып отыр. Бағдарлама қатысушылары тарапынан шамамен 728,3 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Бір қатысушыдар орта есеппен 86  адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 70 мың теңгені құрайды. Ал еңбек өнімділігі 57 мыың АҚШ доллары», - деді министр.

Барлық жаңалықтар