• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы БЖК-2020 бағдарламасы аясында 15 индустриалды аймаққа инфрақұрылымды жеткізу қаржыландырады - Б.Жәмішев

2014 жылы БЖК-2020 бағдарламасы аясында 15 индустриалды аймаққа инфрақұрылымды жеткізу қаржыландырады - Б.Жәмішев

4 Наурыз, 2014 10:45
ҚР-да ағымдағы жылы Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы аясында 15 индустриалды аймаққа инфрақұрылым жеткізу қаржыландырады, деп бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

БЖК - 2020 бағдарламасы аясында Өңірлік даму министрлігі бірқатар бағыттар бойынша жұмысты күшейтпекші.

«БЖК бағдарламасына енгізілген соңғы өзгертулерді есепке ала отырып аймақтардағы өңірлердегі индустриалды аймақтарды дамыту жұмыстары күшейтіледі. Ағымдағы жылы 15 индустриалды аймаққа инфрақұрылымды жеткізу қаржыландырылады. Облыс және Астана мен Алматы қаласының әкімдіктері келесі жылдан бастап инфрақұрылым бойынша қаржының 70% индустриалды аймақтарға есепке ала отырып, индустриалды аймақтарды дамыту бойынша бизнес жоспар мен жобалық-сметалық құжатнаманы жасау бойынша құлақтандырылған», - деді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, оның айтуынша барлық аудан орталықтары мен шағын қалаларда кәсіпкерлерді қолдау бойынша орталықтар ашылады.

«Бүгінгі таңда еліміздің 17 ірі қалаларында кәсіпкерлерге қызмет көрсету бойынша орталықтар жұмыс істейді. КҚК орталықтары барлық 27 моноқада, мобильді КҚК орталықтары барлық 14 облыста жұмыс істейді. Осылайша, аудан орталықтарында КҚК орталықтарын ашу арқылы бірыңғай бизнес-инфрақұрылым жасақталып, экономикалық белсенді тұрғындарға пайдалы кеңестер алуға, жаңа кәсіп ашуға және жүргізуге, құралдармен, мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етуге мүкіндіктер көбейеді», - деп ведомство басшысы толықтырды.

Барлық жаңалықтар