- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті мен Финляндия Парламентінің төрағасы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
ҚР Президенті мен Финляндия Парламентінің төрағасы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Кездесуде екіжақты ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Парламенті төрағасының алғашқы сапарына ілтипатын білдіре келіп, бұл елмен Қазақстан экономикалық және саяси ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта өзара тиімді ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін екі ел парламенттері қарауға тиіс бірқатар келісімдер бар. Финляндияның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері тәнті етеді және біз білім беру, жаңа технологияны дамыту мен енгізу саласындағы сіздердің тәжірибелеріңізді қабылдауға дайынбыз. Біздің индустриялық-инновациялық бағдарламамыз бірқатар фин компанияларының Қазақстанда жұмыс істеуіне мүмкіндіктер береді», – деді Мемлекет басшысы.
Э.Хейнялуома екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтті және Финляндия Президенті С.Ниинистёдің сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ, Финляндия Парламентінің төрағасы бизнес саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетіне тоқталды.
«Көптеген фин компаниялары энергия үнемдеуші және энергия жағынан тиімді «таза» технологиялармен, сондай-ақ «жасыл» табиғи ресурстар өндірумен айналысады, ол жағдайда табиғат бүлінбеген күйінде сақталады», – деді Э.Хейнялуома.
Ол «Finnair» Финляндия ұлттық авиатасымалдаушысы Астана мен Хельсинки арасында тікелей рейстерді жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады.
Бұған қоса, Финляндия Парламенті төрағасы өз елінің Қазақстан Президентінің бастамасы болып табылатын «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы хартияға қосылатыны жөніндегі шешімі туралы айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді