• Басты
  • Наурыз айындағы G-Global Ай тұлғасы Вильям Лейси Свинг
3 Наурыз, 2014 18:10

Наурыз айындағы G-Global Ай тұлғасы Вильям Лейси Свинг

G-Global ақпараттық коммуникативтік алаңында Ай тұлғасы жарияланды, наурыз айындағы тұлға Вильям Лейси Свинг болып табылады.
Наурыз айындағы G-Global Ай тұлғасы Вильям Лейси Свинг | Strategy2050.kz

Елші Вильям Лейси Свинг өз қызмет жолын Америка Құрама штаттары және халықаралық қоғам үшін мемлекеттік қызметке арнады.

Вильям Лейси Свинг соңғы бес жыл ішінде Халықаралық көші-қон ұйымын білікті басқарып келді. 

2013 жылдың 14 маусымында Свинг мырза Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) Бас директоры лауазымына екінші бесжылдыққа сайланды. Елші бұл қызметіне 2008 жылдың қазан айынан бастап кіріскен болатын. Ол ХКҚҰ төтенше іс-шаралары жүйесін нығайту, мигранттарды гуманитарлық қолдауды және босқындарды орналастыруды басқару мәселелерімен айналысады.

АҚШ Мемлекеттік Департаментіндегі өзінің дипломатиялық қызметі ішінде Свинг мырза жеті рет елші болды, ірі дипломатиялық миссиялар мен халықаралық және гумантиарлық ынтымақтастық бағдарламаларын басқарды. Вильям Лейси Свинг 1989 жылдан 1992 жылға дейін Оңтүстік Африкадағы жұмысы кезінде Нельсон Мандэламен тығыз жұмыс істеді және дос болды, онда ол Америка Құрама Штаттарының елшісі қызметін атқарды.

Елші Вильям Лейси Свинг VII Астана Экономикалық Форумының шақыртылған спикері болып табылады және 2014 жылдың 22 мамырында Форум шеңберінде өтетін «Көші-қон және Кедендік Одақ елдеріндегі даму» сессиясының қатысады.

G-Global порталында Елші Вильям Лейси Свинг онлайн режімінде алаң пайдаланушыларының барлық сұрақтарына жауап береді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды