• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіхалықова ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігіне бірқатар тапсырма берді

Г.Әбдіхалықова ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігіне бірқатар тапсырма берді

3 Наурыз, 2014 17:00
ҚР Үкімет басшысының орынбасары ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомствоға бірқатар тапсырма берді.

 «ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігіне 2016 жылы Рио-де-Жайнейрода өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін XVII жазғы Азия ойынларына дайындық аясында халықаралық жарыстарға спорттың әр түрінен командалар мен ұлттық құрама мүшелерін сапалы түрде дайындауды қолға алу тапсырылады», - деді Г.Әбдіхалықова.

Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалалық әкімдіктеріне қолда бар спорттық нысандар мен спорттық алаңдарды қалпына келтіру және арзан бағаға спорттық алаңдарды салу жобасын іске асыру тапсырылды.

«Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктері тарапынан 70% республикалық бюджеттен, 30% жергілікті бюджет схемасымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының қанатқақты жобасын іске асыру бойынша шаралар қабылдануы керек», - деп нақтылады.   

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі мектептік балалар спорт клубы желісін дамыту жұмыстарын жалғастыруы керек.

Барлық жаңалықтар