• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 2020 жылға дейінгі веложол инфрақұрылымының даму тұжырымдамасы дайындалуда – Т.Есентаев

Астанада 2020 жылға дейінгі веложол инфрақұрылымының даму тұжырымдамасы дайындалуда – Т.Есентаев

3 Наурыз, 2014 16:45
ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігі 2020 жылға дейінгі веложол инфрақұрылымының даму концепциясы дайындалуда. Бұл туралы ҚРДене шынықтыру және спорт агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомства басшысы Тастанбек Есентаев мәлімдеді.

«Астана ЭКСПО-2017» халықарадық көрмесіне дайындық аясында агенттік Астанадағы веложолды құру жобасын көтерді. Осы орайда ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың бастамасымен агенттік Астана қаласы әкімдігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен біріге отырып 2020 жылға дейінгі веложол инфрақұрылымының даму концепциясы дайындауда. Бірінші кезеңді іске асыру «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу уақытына сәйкес келмек», - деді төраға.

Оның айтуынша, ауылдық жерердегі спорттық инфрақұрылымды дамыту шараларына да баса назар аударылған.

«Тұрғын үй мен жалпы білім беретін мектептер жанында эконом-сыныпты жүзу хауыздарын енгізу жобасы қолға алынбақ», - деді Т.Есентаев.

Жалпы, ведомство Қазақстан халқына Жолдау аясында Президенттің берген тапсырмалары мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыхалықтың еңбек қоағмына жиырма қадам» мақаласындағы міндеттемелерлі орындау бойынша Жалпыхалықтық жоспарларды іске асыру жоспарланған.

Барлық жаңалықтар