• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жариялау уақытын тиімді пайдалану керек - А.Перуашев

ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жариялау уақытын тиімді пайдалану керек - А.Перуашев

3 Наурыз, 2014 16:11
ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жариялау уақытын Үкімет пен кәсіпкерлер барынша тиімді пайдалануы керек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Перуашев мәлім етті.

«ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий жариялау  уақытын Үкіметте, кәсіпкерлерде барынша тиімді пайдалануы керек. Мемлекет басшысы мораторий жариялауды тапсырды, ол қолданыстағы заңнаманы ретке келтіруге, кәсіпкерлік кодексіне кәсіпкерлікке қандайда бір қатысы бар  барлық заңның нормаларын шоғырландыру үшін жасалды.

Оның айтуынша, бұл жайтты кәсіпкерлер өзіндерінің істерін ретке келтіріп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек.

Сонымен қатар, А. Перуашев  Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың бизнестің дамуына кедергісін келтіріп отырған  және кәсіпкерлік үшін маңыздылығы жойылған актілерін жоюды тапсырды. Бұл мораторий жарияланған уақытта Үкімет пен  ҰҚП басты міндеті болады.

Барлық жаңалықтар