• Басты
  • 2013 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спортқа 250 мыңнан астам адам тартылды - Т.Есентаев

2013 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спортқа 250 мыңнан астам адам тартылды - Т.Есентаев

3 Наурыз, 2014 16:00
2013 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спортқа 250 мыңнан астам адам тартылды, деп ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«2013 жылдың қортындысы бойынша ұлттық спортқа  250 мың 229 адам тартылды.  Осы спорт түріне қызығушылықты арттыру мақсатында 3 мыңнан астам жарыс өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық спортқа қатысушылар 2013 ұлттық спорт түрі бойынша халықаралық аренада түрлі дәрежедегі 139 медальді қоржынға салды», - деді Т. Есентаев.

Оның ішінде, қыркүйек айында Астана қаласының «Сарыарқа» республикалық велотректегінде  қазақ күресі бойынша өткен III республикалық «Қазақстан барысы» бар, оған Қазақстанның 32 ең мықты деген палуаны қатысып, «Қазақстан барысы»атану үшін бақ сынады.

Агенттіктің мәліметі бойынша, ұлттық құрама команда жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша 61 медальді, Азияның үлкендер, жастар және юниорлар  арасындағы әлем чемпионатында 211 медалді қанжығасына байлады.

Жалпы есептік кезеңде Агенттік алға қойған Қазақстанның ұлттық құрама қомандасын  XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындау және қатыстыру негізгі мақсатына қол жеткізді. Ресейдің Сочи қаласында өткен дүбірлі додада спорттық 15 түрі бойынша 98 медаль жиынтығы ойнатылды. Естеріңізге сала кетейік Қазақстанның ұлттық құрамасы Сочиде 1 қола медальді иеленіп, 26 орынға тұрақтады. 

Барлық жаңалықтар