• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Перуашев: «Ақ жол» партиясының алға қойған міндеттемелері Президент идеясымен үндеседі

А.Перуашев: «Ақ жол» партиясының алға қойған міндеттемелері Президент идеясымен үндеседі

3 Наурыз, 2014 15:53
«Ақ жол» партиясы алға қойған міндеттемелер Президент идеясымен үндеседі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді.

«27 ақпандағы Н.Назарбаевтың сөзі бизнес-қауымдастықтың мемлекеттің экономикалық саясатына тигізер әсері туралы айтады. Және де «Ақ жол» партиясының Парламентте көтеретін мәселелері де көп жағдайларда Президенттің ойымен ұштасып жатады», - дейді А.Перуашев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда кәсіпкерлік әлеуметтік және экономикалық реформалардағы мемлекеттің маңызды экономикалық саясатының факторына айналды.

«Мемлекет басшысы ұлттық бизнеске нарықтық экономиканың басты тетігі мен мемлекеттік тұрақты дамуының әлеуметтік базасы ретінде баса назар аударады. Қазіргі таңда еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігінде орташа есеппен 1 млн кәсіпкер бар. Олар өз кәсіптері арқылы 3 млнжұмыс орнын құрып отыр», - дейді А.Перуашев.

Айта кету керек, «Атамекен» ұлттық палатасы мен «Ақ жол» партиясы бірнеше рет Қазақстанда кәсіби мереке – Кәсіпкерлер күнін енгізу туралы ұсыныс айтты. Бұл күнді 4 шілдеге қойып, жеке кәсіпкерлік туралы алғашқы заңның шыққан күніне орайластыру керектігін де ұсынды. Бұл таяуда ғана қабылданған Мемлекеттік қызметкерлер күнінің баламасы болмақ.

Барлық жаңалықтар