Н. Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті

3 Наурыз, 2014 15:25
Бүгін,3 наурыз Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті.

Ақордада  хабарлағандай, кездесуге Австрия Республикасының экс-федеральды канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Еуропалық комиссияның экс-төрағасы әрі Италия премьер-министрі Романо Проди қатысты.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі іске асырудың негізгі бағыты, республиканың халықаралық бастамаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық жайы талқыланды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай жөнінде пікір алмасылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін қызығушылық тудыратын халықаралық аренадағы өзекті мәселелер талқыланатын кездесуді Кеңес мүшелерімен тұрақты өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар