Ә. Жұмаділдаев: ҚР-да қаржылай сауықтыру рәсімі 156 ұйымға қолданылуда

3 Наурыз, 2014 13:52
Қаржылай сауықтыру мақсатында оңалту рәсімі 156 ұйымға қолданылып, оның аясында 5,5 млрд. теңге берешек өтелді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

«Қыржылай сауықтыру мақсатында оңалту рәсімі 156 ұйымға қолданылып, оның аясында 5,5 млрд. теңге берешек өтелді. Бұл жоспарланған борышты  өтеу бойынша  соманың 86%. Сонымен қатар, 11 120 жұмыс орны сақталып қалды», - деді Ә.Жұмаділдаев.

Сонымен, оның айтуынша, 2013 жылы 1401 банкроттық жағдай алдын алынды, 52,4 млрд. теңге борыш өтелді, оның ішінде әлеуметтік кезекпен 3,3 млрд. теңге немесе өтініш берілген соманың  81% жабылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 12 қыркүйегіндегі ҚР Үкіметінің «ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар сұрақтары туралы» қаулысына  сәйкес Мүмкіндігі жоқ борышкерлермен жұмыс комитеті Салық комитетіне қосылды. 

«Банкроттық рәсімін өткізуді бақылау жұмыстарын және қосымша әдейі немесе жалған бокроттықты анықтау салықтық әкімшіліктің ақпарттық жүйесі арқылы жүргізіледі», - деп Ә.Жұмаділдаев түсіндіріп өтті.

Барлық жаңалықтар