• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік істердің 95%-ына ескерту жасалды – Ә.Жұмаділдаев

2013 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік істердің 95%-ына ескерту жасалды – Ә.Жұмаділдаев

3 Наурыз, 2014 13:47
2013 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік істердің 95%-ына ескерту жасалды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

«Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 1 қаңтарында жаңа норма енгізілген. Оған сәйкес, алғаш рет заң бұзған азаматтар айыппұл төлеумен қоса ескерту де алады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, әкімшілік істердің 95%-ына ескерту жасалды. Бұл құқық бұзушылықпен күрес емес, керісінше алдын алу механизмі болып табылады», - деді Ә.Жұмаділдаев.

Оның  айтуынша, «2013 жылы бюджетке түсуі керек қаражаттың 10,7 млрд теңгесі түспей қалған. Алайда олар кәсіпкерліктердің айналымында қалып, соның ішінде оның көпшілігі бастауыш шағын және орта кәсіпркерліктерге тиесілі».

«Бұл еліміздегі бизнес-климатқа оң әсерін тигізіп, нәтижесі ретінде кәсіпкерліктердің салықтық қызметке деген кәсіпкерліктердің қанағаттану деңгейі 87 пайызды құраса, азаматтардың 86 пайызы оң пікір білдірген. Бұл тәуелсіз әлеуметтік сауалнама барысында белгілі болды», - дейді комитет төрағасы.  

Барлық жаңалықтар