- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жұмаділдаев: Республикалық Салық комитеті 2013 жылы 12 миллион электрондық қызмет көрсетті
Ә. Жұмаділдаев: Республикалық Салық комитеті 2013 жылы 12 миллион электрондық қызмет көрсетті
3 Наурыз, 2014 13:05
Республикалық салық комитеті 2013 жылы шамамен 12 миллиондай электрондық қызмет көрсетті.ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде электрондық қызметтердің нәтижесімен таныстырды.
«Бір жыл ішінде 16 млн қызмет көрсетілді, оның электронды түрде 12 млн жүзеге асты, бұл 74 пайызды құрайды. Кеңейтілген электрондық қызметті жүзеге асыру одан әрі жалғасатын болады», - деді Ә. Жұмаділдаев.
Оның айтуынша, 2013 жылы республикалық Салық комитеті 32-нің ішінен 23 қызметті әкімшілендірді, 16 қызмет электрондық қызмет арқылы қолжетімді болады.
«ХҚКО арқылы анықтама алу үрдісі жүзеге асатын болады», - деді Ә. Жұмаділдаев.
«Онлайн-тіркелу бойынша 2 мыңдай тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Былтыр сондай-ақ электрондық форматта 440 мыңдай патент берілді. Бір жылдың ішінде барлығы 16 млн. жуық қызмет көрсетілсе, оның 12 млн. немесе 73% - электрондық түрде көрсетілген қызметтер», - деді комитет төрағасы.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру