- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматуллин мен Э. Хейнялуома қазақстандық-финдік парламентаралық ынтымақтастығын талқылады
Н.Нығматуллин мен Э. Хейнялуома қазақстандық-финдік парламентаралық ынтымақтастығын талқылады
Мәжілісте хабарлағандай, тараптар Қазақстан мен Финляндия маңызды сыртқы саяси және экономикалық әріптес екенін, мемлекет басшыларының араларындағы байланыстың қарқыны екіжақты қарым-қатынастарды әрі қарай дамыта түсуге негіз болып отырғанын атап көрсетті.
«Біздің елдеріміздің «Жасыл көпір» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастығы «жасыл» технологиялар саласындағы өзара іс-қимылдардың сындарлы үлгісі бола алады. Финдік әріптестер қазақстандық бастамаға қолдау көрсетіп, «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы туралы Хартияға қосылады деген үміттеміз», - деді Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде.
Инновация, «жасыл экономика», білім салалары мен сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және басқа да халықаралық бірлестіктер мен ұйымдардың аясындағы белсенді өзара іс-қимылдар - ынтымақтастықтың басымдықты бағыттар болып табылады.
Ээро Хейнялуома өз кезегінде, Қазақстанның өңірдегі және әлемдік сахнадағы роліне жоғары баға берді және біздің еліміздің жетістіктері мен орнықты дамуы дүниежүзі елдеріне үлгі болып табылатынын айтты.
Бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның үлесіне тоқталған Нұрлан Нығматуллин сондай-ақ, біздің еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы жоғары деңгейлі жауапкершілігін паш етіп отырған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық антиядролық бастамаларының маңыздылығын атап көрсетті.
«Қазақстан қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Еуроодақ-Орталық Азия Жоғары деңгейлі диалогын құру туралы Еуроодақтың бастамасына қолдап отыр және оны дамыту үшін қолынан келген көмекті көрсетуге дайын»,- деді Нұрлан Нығматуллин өз сөзінде.
Спикер сондай-ақ, Хелькинкиде өткізу жоспарланып отырған Таяу Шығыста ядролық қарудан және жаппай қырып-жоятын қару-жарақтан таза аумақ құру мәселесі жөніндегі халықаралық конференцияға Қазақстан парламентшілерінің қатысуға әзір екенін жеткізді.
Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Қазақстанның діттеп отырған басымдықтарының бірі Еуропалық құқықтық кеңістікке қосылу болып табылады.Осыған орай, екі елдің спикерлері парламентаралық қатынастар мәселелеріне де айрықша тоқталып өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері