2013 жылдың қорытындысы бойынша салықтық берешек 21% азайды – Ә.Жұмаділдаев

3 Наурыз, 2014 12:57
2014 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша берешек 2013 жылғыға қарағанда азайған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қаржы министрлігі салық комитеті төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

«Салық және өзге де бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек 2014 жылдың 1 қаңтарында 64 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда берешек көлемі 17,2 млрд теңгені құраған, пайыздық көрсеткішпен бұл 21% құрады», - деді Ә.Жұмаділдаев.

Оның айтуынша, салық қызметі органы жұмысында өткен жылы қабылданған салық қызметі органдарын дамыту стратегиясының жаңа әдістері нақтыланды.  

«2013 жылы қорытындысы бойынша біз белгілі бір жетістіктерге жеттік», - дейді.

Салық комитеті құзіреті кірісі бойыша жоспар, жалпы мемлекеттік бюджетке кіріс 3 трлн 384 млрд теңгені құрап, жоспардың 102,3 % құрады. Басқаша айтар болсақ бұл жоспарланған көрсеткіштен 76 млрд 900 млн теңгеге артқан», - дейді төраға.

Сонымен қатар, оның айтуынша, республикалық бюджетке түсетін шикізаттық емес сектор кәсіпкерлерінің үлес салмағы артты.

«2013 жылдың жалпы көлемі бойынша республикалық бюджетке түсетін шикізаттық емес сектор кәсіпкерлерінің үлес салмағы 75,8% құрады. Ал шикізаттық сектор көлемі 24,2% болды», - деді Ә.Жұмаділдаев.

Барлық жаңалықтар