ШҚО-да балалардан бас тартудың алдын алу комиссиясы құралады

3 Наурыз, 2014 12:21
Семей қаласында БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының қатысуымен 3 жасқа дейінгі балалардан бас тартудың алдын алу бағдарламасы жұмыс істей бастады.

ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, бағдарлама жергілікті деңгейде ШҚО-да және елімізде балаларды қорғаудың интеграцияланған моделінің қанатқақты жобасы аясында іске асырылуда.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін құру бойынша комиссия құрамына мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдардың 11 мүшесі енді.

«Құрылған комиссияның миссиясы интернаттық мекемелерге негізсіз түрде сәбиді орналастыру мақсатында баланы отбасынан айыру жағдайларын арастыруға, сонымен қатар баланың отбасында сақталуы мен отбасын сақтау үшін халыққа қажетті қалалардағы арнайы әлеуметтік қызмет қолдау мен жаңаша дамыту болып табылады», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар