• Басты
  • Жаңалықтар
  • «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» 2014 жылдың ішінде «Халықтық IPO» шығарылуы тиіс - ҚР ЭЖБМ

«KEGOC» және «Самұрық-Энерго» 2014 жылдың ішінде «Халықтық IPO» шығарылуы тиіс - ҚР ЭЖБМ

3 Наурыз, 2014 11:45
«KEGOC» және «Самұрық-Энерго» 2014 жылдың ішінде «Халықтық IPO» шығарылуы тиіс, деп Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы Үкімет отырысында қажетті шешімді қабылдадық.  Өткен жылы 201 кәсіпорын мен нысан, осы жылы алғашқы 6 айға 151 кәсіпорын мен нысанды қостық (агенттік меншігі ретінде жекешелендірдік). Сонымен қатар, біз меншігіне 542 кәсіпорын мен холдингтер және ұлттық компаниялар кіретін «Самұрық-Қазына» компаниясына да қараймыз. Өздеріңізге белгілі оларды «Халықтық IPO» шығару үшін өткен жылы үлкен жұмыс атқарылып, бірқатар мәселелердің басын аштық. Сондықтанда біз нормативтік-құқықтық базаға өзгертулер енгізіп, олар қабылданған соң «KEGOC» және «Самұрық-Энерго»  компаниялары жыл соңына дейін қайта IPO-ға шығарылуы тиіс. Біз осы жұмысты жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Е. Досаев.

Ал, басқа компанияларға келетін болсақ 6 мыңнан астам кәсіпорынның, яғни қазына кәсіпорындарының формасын өзгерту бойынша жұмыс жүргізіледі, деп ведомство басшысы атап өтті.

«Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін 2014-2016 жылдарға арналған аталмыш бағдарламаны бекітеміз және ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттатарының назарына ұсынамыз», - деп Е. Досаев түсіндірді.

 

Барлық жаңалықтар