• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Досаев: 2020 жылға дейін экономикадағы мемлекеттік меншік үлесі ЭӘДҰ елдерінің деңгейіне - ЖІӨ-нің 15%-ына дейін төмендетіледі

Е.Досаев: 2020 жылға дейін экономикадағы мемлекеттік меншік үлесі ЭӘДҰ елдерінің деңгейіне - ЖІӨ-нің 15%-ына дейін төмендетіледі

3 Наурыз, 2014 11:30
Елімізде 2020 жылға дейін экономикадағы мемлекеттік меншік үлесі ЭӘДҰ елдерінің деңгейіндей, ЖІӨ-нің 15%-ына дейін төмендетіледі, деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Мәжілістегі Үкіметтік сағатта.

«Биылғы жылдың 17 қаңтардағы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда наурыз айының соңына дейін мемлекеттік меншік құрылымыдары мен құрамын оңтайландыру арқылы мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды арттыруды қарастыратын шаралар жүйесінің 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын қабылдайды. Елімізде 2020 жылға дейін экономикадағы мемлекеттік меншік үлесі ЭӘДҰ елдерінің деңгейіндей, ЖІӨ-нің 15%-ына дейін төмендетіледі», - дейді министр.

Оның айтуынша, ведомствода «Самұрық-Қазына» Қоры тобына енетін ұлттық компаниялардың IPO-ға енуіне кедергісін келтіретін заңнамалық кедергілерді жою жұмыстары жүргізілуде.

«Алдағы уақытта кемінде ЖІӨ-нің 30 пайызы деңгейінде негізгі капиталға инвестиция салу үлесін қолға алу керек. Соңғы 4 жылда жылына 22,5 млрд доллар деңгейіндегі шет елдік тілкелей инвестиция бойынша инвестициялық табыс ағымы байқалады», - дейді Е.Досаев.

Осыған орай, министрдің мәліметінше, экономиканың ұзақмерзімді өсімі мен алдыңғы қатарлы технологияларды трансферттеу үшін ведомствада шет елдік тікелей инвестицияны тартудың жаңа толқыны қолға алынуда.

 

Барлық жаңалықтар