• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС РФ-нан мұнай өнімдерін жеткізетін бірыңғай оператор болмақ - Е.Досаев

ҚР-да «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС РФ-нан мұнай өнімдерін жеткізетін бірыңғай оператор болмақ - Е.Досаев

3 Наурыз, 2014 11:15
Қазақстанда «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС РФ-нан мұнай өнімдерін жеткізу бірыңғай операторы болмақ, деп Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

 «Мұнай өнімдерін көтерме импортық жеткізілімін реттеу және ішкі нарықта тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында РФ-нан мұнай өнімдерін жеткізетін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС түрінде бірыңғай оператор құрылады», - деді Е.Досаев.

Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында тұрақтандыру қорының өнімдерін пайдалану арқылы тауарды интервенциялау жұмысын арттыру көзделген.

Бұдан басқа, ішкі нарықты қамтамасыз ету және мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдерін жеткізу кестесі  құрылып, ай сайын бензин мен дизелді жанармайдың шекті бағасы қойылуда.

«Ал, тарифтердің өсімін болдырмау үшін 2014 жылдың инфляциясына тариф пен  реттелетін қызметтің құнына шекті салым 1,2 деңгейінде салынған және жаңа тарифтермен реттелетін қызметтердің жаңа құны 2014 жылдың мамыр айынан ерте енгізілмейді», - деп ол толықтырды. 

Барлық жаңалықтар