- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке үміткерлерді тестілеуге жіберудің шарттары жеңілдетілді
2014 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке үміткерлерді тестілеуге жіберудің шарттары жеңілдетілді
ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі агенттікте хабарлағандай, интернет арқылы «элекетрондық үкіметтің» (egov.kz) веб-порталына кіріп, «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде «Тестілеуге жазылу» қызметін таңдай алады.
Егер қол астында интернет болмаса, жақын орналасқан ХҚКО немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне жүгіну арқылы тестілеуге тіркелуге болады. Ол үшін өзімен тек жеке куәліктің болуы жеткілікті.
Тіркеу барысында әр үміткер тестілеудің орны, күні мен уақытын тәуелсіз таңдай алады.
«Жаңа заңнамаға сәйкес азаматтар бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарламаны күтпестен, өзіне ыңғайлы уақытта тестілеуден өте алады. Бұл тестілеуге қатысушылардың санын екі еседен астамға өсіруге мүмкіндік берді. Егер 2011 жылы тестілеуге бір айда орта есеппен 1950 адам қатысса, 2012 жылы - 2300, 2013 жылы олардың саны бір айда 4700 адамға жетті», - деп агенттікте хабарлады.
Аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдар үшін жеңілдетілген жеке бағдарлама енгізілді.
Бұл бағдарлама бойынша кандидаттар бұрын болған сегіз заңның орнына алты заң бойынша тестілеуден өтеді. Бұл ретте, әр заң бойынша берілетін жауаптың уақыты көбейтілді. Жоғары тұрған бағдарлама бойынша тестілеудің оң қорытындылары төмен тұрған бағдармалар үшін де жарайды.
Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін берілген сертификаттар оларда көрсетілген мерзім ішінде жарамды екендігін атап өткен жөн.1 наурызға дейін тестілеуден өте алмаған азаматтар үш айлық мерзімді күтпестен келесі тестілеуден өте алады.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары