• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ЭБЖМ 2050 жылға дейінгі тиімділік өсімінің негізгі көрсеткіштерін анықтады

ҚР ЭБЖМ 2050 жылға дейінгі тиімділік өсімінің негізгі көрсеткіштерін анықтады

3 Наурыз, 2014 10:30
Қазақстанның әлемнің ең дамыған елдерінің тобына кіру өлшемі ретінде ҚР ЭБЖМ 2050 жылға дейінгі тиімділік өсімінің негізгі көрсеткіштерін анықтады. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Сонымен, ЖІӨ орташа өсімі 4,3% болған жағдайда экономикалық өсім саласында мақсатты мәнді  ЖІӨ   жан басына шаққанда 60 мың долларға жеткізу керек. Сонымен қатар, ЖІӨ мұнай экспортының құрылымын 32% -дан 70% -ға дейін ұлғайту қажет. Еңбек өнімділігін 5 есе арттырып, ал, 2050 жылға  қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ үлесі 50% құрауы тиіс», - деді Е. Досаев.

Министрдің мәліметі бойынша, ҚР-да энергияның жұмсалуы 2 есе төмендеуі керек. Ал, энергияның 50% жаңартылған немесе баламалы энергия көздері арқылы өндірлуі тиіс.

«Дамыған 30 елдің қатарына ену жолында барлық мемлекеттік басқару  элементтерінің тиімділігін бірнеше есе арттыруға қолжеткізген жөн. Өмір сүру ұзақтығын 84 жасқа дейін ұзарту үшін қолайлы жағдай жасау керек. Үкіметтің ұзақмерзімді жоспарларын есепке ала отырып Тұжырымдаманы орындау бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, стератегиялық және бағдарламалық құжаттарға қажетті өзгертулер енгізіледі», - деп министр сендірді.

Жалпы, 2014 жылы ведомство Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 17 қаңтарында халыққа Жолдаған  Қазақстан 2050 стратегиясы шеңберінде жұмысын жоспарлайды. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар