• Басты
  • Жаңалықтар
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті ISO арналған айналық техникалық комитет құруда

Техникалық реттеу және метрология комитеті ISO арналған айналық техникалық комитет құруда

3 Наурыз, 2014 09:55
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Стандарттау бойынша халықаралық ұйымға арналған айналық техникалық комитет құруда(ISO) .

«2014 жылдың 1 ақпанына арналған мұнай газ секторының жалпы стандарт көлемі 460 бірлік, олардың халықаралық келістірілгені – 370. Гармония пайызы – 80,4 пайыз», - деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов Ақтауда өткен халықаралық форумда хабарлады.

Қазақстанның мұнай газ саласындағы техникалық реттеу бойынша одан әрі қадамдарды талқылау барысында Украина, Әзірбайжан, Ресей сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, Мұнай және газ министрлік өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, ғылыми институттар өкілдері қатысты.

Ғалымжан Дұғаловтың айтуынша, қазіргі таңда Комитет техникалық реттеу бойынша  заңнамалық және нормативтік база жұмыстарын атқаруда.

ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Kazenergy» қауымдастығында (ISO) арналған айналық техникалық комитеттер құруда. Ол Ұлттық техникалық комитеттердің жұмыс деңгейін күшейтіп, қазақстандық қамтудың үлесін көбейтеді.

Сондай-ақ, Кедендік одақтың техникалық  регламенттеріне сәйкес оның ішінде мұнай газ саласында мұнай өндіру үшін комитет «2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология саласын жетілдіру бойынша кешендік жоспар» бұл Кедендік одақ аясында сынақ базасының құруын қарастырады. 

Барлық жаңалықтар