- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА – мемлекет тарапынан құрылған ұлтаралық келісімнің негізгі элементі – Т.Ширмер
ҚХА – мемлекет тарапынан құрылған ұлтаралық келісімнің негізгі элементі – Т.Ширмер
«Біздің Қазақстан – 130-дан астам ұлттың өкілдері бейбітшілік пен достастық ішінде өмір сүретін деңдессіз ел. Осы орайда Мемлекет басшысының республикада бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатымен құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы басты рөл атқарады. Биыл 1 наурызда ҚХА құрылғанына 19 жыл болды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, еліміздің гүлденуі мен дамуы үшін бізге басты ұлттық құндылықтар айналасында қоғамның бірігуі керек», - дейді Т.Ширмер.
Қоғам қайраткерінің айтуынша, осы бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен жұмыстар атқаруда.
«Құрылғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңес беру-ақылдасу органынан біріктіруші органына дейінгі эволюциядан өтті. Жаңа конституциялық құзірет пен атақ және Парламент Мәжілісіндегі Ассамблеяның 9 депутаттан құралған өкілдігі құрылған ұлтаралық және дінаралық келісіммен айқыналған әлемдік тәжірибедегі теңдессіз жаңалық ретінде мемлекет пен қоғамның демократиялануы саласында Қазақстанның бір ерекшелігі болды. 19 жыл ішінде қоғамды біріктіруде көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. ҚХА әлемде теңдесі жоқ ұлтаралық келісімнің моделін қалыптастырды. Ассамблея біздің әрқайсымызға жекелеген міндеттер бере отырып біздің әрбір ұлт өкілімен жұмыс істеп, олардың тілі мен дәстүрінің сақталуына жағдай жасауымызды тапсырады. Бұл әдіс аспаннан түскен жоқ, бұрын да тәжірибеде болған. Бұның бастауы КСРО кезіндегі қуғын-сүргінде қазақ халқының өзге ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алуынан бастау алған. Кейінірек айдалып келгендермен қоса қазақ жеріне өз еріктерімен қоныс аударғандар да болды. Қазақ халқының дархан көңілі арқасында біз қазіргі таңда Қазақстанда бейбіт өмір сүріп, өзара келісім ішінде елімізді дамытуға үлес қосудамыз. Ассамблеяда бірнеше ұлт өкілдері тіркелген, осы тұрғыда институт ешбірінің санының аздығына қарамастан әрқайсының құқын өз деңгейінде қорғап отыр. Ассамблея барлығына теңдей жағдай жасайды», - деп нақтылай түсті.
Т.Ширмердің айтуынша, қазіргі таңда басты мемлекеттік-қоғамдық институт мемлекет пен қоғам арасында тұрақты түрде ұйыстыра отырып этникалық топтардың ұлттық мүдделері мен қоғамдық ойын жеткізетін алаң қызметін атқарады. Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа әдістер мен интеграциялық идеяны қоғамдық қабылдау үшін мықты негіз болып отыр. Нәтижесінде әрбір этникалық топ қазақстандықтардың азаматтық және этникалық идентификациясы процесіне атсалысады.
«ҚХА кеңінен халықаралық қолдау тауып, оның ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы еңбегін әсіресе ЕЫҚҰ мойындап отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғаннан бергі 19 жыл ішінде мемлекет тарапынан құрылған ұлттаралық келісім қоғамдағы тұрақтылық факторының негізіне айналды», - дейді Т.Ширмер.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары