- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның студенттік бизнес-инкубаторлары 100-ден астам жоба жинады - ҰКП
ОҚО-ның студенттік бизнес-инкубаторлары 100-ден астам жоба жинады - ҰКП
Аталмыш бизнес-инкубаторлар жергілікті жоғарғы оқу орындары мен колледждердің жанынан жұмыс істейді, консультациялық және жобаны қаржыландыру бойынша көмектер береді.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, жас кәсіпкерлер үшін бизнес-тренингтер, семинарлар, іскерлік ойындар және өңірдің табысты бизнесмендерімен кездесулер өткізіледі.
Бұдан басқа, кез-келген адам грантты бағдарламаға қатысып, өзінің жобасын республикалық және халықаралық байқауларға жібере алады.
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері 20 жоба бойынша өтініш берді. Олардың ішінде интернет-кафе, балаларға арналған ойын-сауық кафесі, қағаз станоктарын жасау бойынша өндіріс және балаларға арналған шаштараз ашу жобалары бар. Жастар таңғажайып суреттер мен ұшып қонуға қысқа мүмкіндігі бар ұшақ жасауды ұсынып отыр.
Бұдан басқа, бүгінде палата колледждермен оқу жоспарын өзгерту бойынша келісімге келді. Енді студенттер іс-тәжірибеден облыстағы өндіріс ошақтарынан өтетін болады және колледж студенттері ақылы тәжірибеден өту бойынша келісімге де қол қойылды.
Оның үстіне, бүгінде оңтүстік кәсіпкерлерге сыртқа шықпай-ақ сапалы бизнес білімін алуға мүмкіндік туды. ОҚО КП қолдауымен Халықаралық Бизнес Академия (МВА) өзінің өкілділігін Шымкент қаласынан ашты. Наурыз айында бірінші МВА оқуы басталады, салалық бизнес тренигтер де жоспарланған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар