• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ШОБ тексеру жүргізудің ретін қайта қарауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ШОБ тексеру жүргізудің ретін қайта қарауды тапсырды

3 Наурыз, 2014 09:30
Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының «Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

Премьер-Министрдің ресми порталында хабарлағандай, кеңеске орталық атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Бұл тақырып бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев, ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов сөйледі.

Кеңес барысында кәсіпкерлік үшін жағдайды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды.

Кеңесті қортындылай келе, Премьер-Министр «Мемлекет басшысының Жарлығын орындау бизнесті дамыту үшін қуатты қозғау болады»,-деп атап өтті.

«Президент Жарлығына сәйкес тексеру жүргізудің барлық регламенттерін жедел түрде қайта қарау, барлық процедураларды заңмен бекіту мәселелерін пысықтау қажет»,-деді Премьер-Министр.

«Сондай-ақ 2014 жылдың 1 маусымына дейін тиісті заңнамаларға толық ревизия жүргізу керек, 1 сәуірге дейін Парламентке рұқсат беру мен хабарлау мәселелері бойынша заң жобасын, 1 қырқүйекке дейін жағдайды түбегейлі жақсарту бойынша заң жобасын енгізу қажет»,-деді С.Ахметов.

Мұнымен қатар, Премьер-Министр Мемлекет басшысы Жарлығын жүзеге асыру бойынша кәсіпкерлер арасында түсінік жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Аталған құжаттың мазмұны әрбір кәсіпкерге түсінікті жеткізілуі керек. Біз аудандық деңгейге дейін үлкен түсінік жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұл Жарлықты жүзеге асыру бойынша түсінік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз етуі тиіс»,-деп түйіндеді С.Ахметов.

 

Барлық жаңалықтар