• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында әлеуметтік аз қамтылғандарға коммуналдық қызмет жеңілдетілген тарифпен ұсынылады

Атырау облысында әлеуметтік аз қамтылғандарға коммуналдық қызмет жеңілдетілген тарифпен ұсынылады

3 Наурыз, 2014 09:00
Атырау облысында «Облыстың әлеуметтік аз қамтылған азаматтарына жеңілдетілген тарифпен коммуналдық шаруашылықты ұсыну туралы» Меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қазіргі таңда азаматтардың өміріне барынша қолайлы жағдай жасау мен жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Басты назарда халыққа коммуналды қызмет ұсыну саласы мәселелерін шешу.

Соңғы жылдары халықтың материалдық жетістігі деңгейіне кері әсерін тигізген коммуналды қызмет түрлерінің тарифтерін өсіру жағдайлары орын алды. Әсіресе бұл халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне әсер етті.

Осы орайда Атырау облысында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарына жеңілдетілген тарифпен коммуналды шаруашылықты ұсыну туралы меморандум дайындалды. Меморандумның басты мақсаты коммуналды қызметтің қазіргі тарифінің 40 пайыз жеңілдігін қамтамасыз ету.

Барлық жаңалықтар