- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының жетекші медициналық технологиялардың қаласына айналуына мүмкіндігі жетерлік - А.Есімов
Алматының жетекші медициналық технологиялардың қаласына айналуына мүмкіндігі жетерлік - А.Есімов
2013 жылы денсаулық сақтау саласына қалалық бюджеттен 40 млрд. теңге бөлінді, деп қалалық акиматтан хабарлады. Бұл қаржыға Алатау және Түрксіб аудандарында 3 емхана және №15 емханаға жапсырма ғимарат салынды, балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының хирургиялық корпусы пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласының 14 нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, № 5 және №15 перзентханалар мен №1 қалалық клиникалық аурухана сейсмикалық күшейтілді.
Алматы әкімі 2014 жылға арналған басты міндеттерді атап өтті.
«2015 жылға дейін денсаулық сақтау саласы бойынша негізгі индикаторға қол жеткізуге жағдай жасау керек. Ауруды алғашқы кезеңде анықтайтын және әлеуметтік маңызды ауруларды емдейтін орталықтардан 6-ын ашып, «Салауатты өмір салтын» қалыптастыратын орталықтың жұмысын күшейту керек. Сонымен қатар, бірыңғай жүйе – электронды амбулатория картасын құру бойынша жұмысты бастаған абзал. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2 мекемені мемлекеттік жеке әріптестік жүйесі бойынша сенімгерлік басқаруға өткізіп, ведомствоға қарасты ұйымдардың қаржылай тәртібін жақсартқан жөн», - деді Ахметжан Есімов.
А. Есімов ағымдағы жылы медицина қызметкерлеріне арналған 200 орындық жатахананың құрылысы аяқталатынын баса айтты.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Ұлт саулығы Ұлттық кеңестің назарында -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді -
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме?