- Басты
- Жаңалықтар
- ӨДМ бизнеске тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы ақпараттандырды
ӨДМ бизнеске тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы ақпараттандырды
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 27 ақпанда еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге тыйым салынды.
«Сонымен, мемлекеттік органдар 2013 жылы 182 126 тексеру жүргізді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 25%-ға аз (2012 жылы 242 698 тексеріс жүргізілді). Тексерулердің қысқаруына қарамастан, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі олардың шоғырлануы байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы тексерулердегі үлесі 92%-ды құрайды» -деді Ғ. Жолдыбаева.
Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау бағыты қауіп дәрежесі орташа және төмен тобына жатқызылған субъектілерде болғаны байқалады. Олардың үлесі 74% құрады. Осындай субъектілерге қатысты тексерулер жүргізу мемлекеттік бақылауды қауіп дәрежесі орташа және төмен субъектілерге қарағанда, қауіп дәрежесі жоғары субъектілерге бағыттауға мүмкіндік бермейді. Әкімшілік іс жүргізу барысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылаудың жазалау тәжірибесін қолданатынын байқалады.
«Министрлік жақын арада Парламентке «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң жобасын енгізетін болады. Аталған Заң кәсіпкерлерге ауыртпашылық түсіретін жаңадан енгізілетін негізсіз рұқсаттарға тосқауыл қоятын болады. Рұқсаттар мен хабарламалардың сыныптарға және қауіптілік санаттарына бөлінген толық тізбесі Заңның негізгі құралы болып табылады.Заңды қабылдағаннан кейін мемлекеттік органдар өз бетінше жаңа рұқсаттарды енгізе алмайды. Ол үшін олар рұқсаттарды енгізу қажеттілігін дәлелдеп, кәсіпкерлер үшін экономикалық салдарды есептеп, одан кейін ғана рұқсат Заңда енгізіледі»-деді Б. Бекешев.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері жөнінде Заң жобасы әзірленетін болады, онда: тәуекелдерді бағалау негізінде тексерулерді ұйымдастыруға көшу, сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің баламасы ретінде енгізу; кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барсында тексеруге жататын талаптарды қысқарту; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тарату рәсімдерін жеңілдету; Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейту және басқа шаралар.
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар