- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығымен құттықтады
Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығымен құттықтады
«Қымбатты менің әріптестерім! Құрметті қазақстандықтар! Барша нұротандықтар мен «Нұр Отан» партиясы жақтаушыларын оның құрылуының 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – кезекті тарихи меже ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі. Біздің партиямыз – «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. Еліміздің жетістіктері жүздеген мың партияластардың еңбекқорлығымен, сондай-ақ біздің партиялық бағдарламаларымызды қолдайтын, жалпыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты»,-делінген құттықтау мәтінінде.
Президент атап өткендей, Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізіне айналып, «Нұр Отан» партиясының жаңа Саяси доктринасында бекітілді. Партия мен оның барлық жақтастарының күш-жігері оларды әрі қарай нығайтуға бағытталуға тиіс.
Сондай-ақ, ол «2050 Стратегиясын» жариялай отырып, Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолына қадам басты. Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғыртудың тағдырлы үдерістерінің басында болу.
«Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс.Партия мерейтойында мен бүгін барша әріптестеріме партияның қалыптасуына, оның Отанымыздың өркендеуі жолындағы жұмысына қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін!Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілеймін!»,-деп түйіндеді Елбасы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады