- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясымен ең беделді деген халықаралық ұйымдар санасады – О.Дымов
Қазақстан халқы Ассамблеясымен ең беделді деген халықаралық ұйымдар санасады – О.Дымов
«1995 жылдың 1-інші мамырында ҚР Президентінің ұсынысымен біздің қоғамымызда айтулы оқиға орын алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының дүниеге келуі ел ішінде шиеленісті жағдай орын алып, көшеде тәртіпсіздіктің белең алып, Парламенттің әлі құрылмай, оппозицияның күшейген кезінде біздің Ассамблея құрылды. Құрыла салып бірден екі референдум өткізу туралы бастама көтерді. Президент құзіретін созу мен жаңа Конституцияны қабылдау еді. Бұған барлық саяси қауымдастықтың 52 жетекшісі қол қойды», - дейді О.Дымов.
Оның айтуынша, осының арқасында еліміз қиын-қыстау заманнан аман-есен өте білді.
«Бүгін біз Ассамблеяның кезекті мерейтойын атап өткенде осы істің басы-қасында болып алғашқылардың бірі болған қайраткерлердің есімін елеусіз қалдыруға болмайды. Атап айтар болсақ олар: Марат Тәжин, Оралбай Әбдікәрімов, Серік Сейтіманов пен өзге де кісілер. Олар азаматтық институттың негізін тек теориялық тұрғыдан қалыптастырып қоймай, сонымен қатар оның бірінші сессиясын өткізу мен институтты құрудың негізін қалыптастырды», - дейді.
Сонымен қатар, О.Дымовтың айтуынша, Ассамблея қоғамдық өмірге ерекше әсер етті. Соның ішінде этномәдениет, этно білім беру арқылы қазақстандық өзге де институттармен тығыс байланыс құрды.
«Қазірде АҚШ-тан бастап Жапонияға дейінгі барлық елдер Ассамблеяны таниды. Қазақстан халқы Ассамблеясымен ең беделді деген халықаралық ұйымдар санасады», деп сөзін түйіндеді Болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Дымов.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді