- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партия қатарына салтанатты түрде қабылдау өткізді
«Нұр Отан» партия қатарына салтанатты түрде қабылдау өткізді
Бұл күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа үлгідегі партия билетін табыс етті. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті - Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі Комитеті төрағасы - Бейсенғали Тәжияқов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Call орталығының 1 дәрежелі маманы (1 топтағы мүгедек) -Кристина Романова, Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы -Асылы Осман, М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі -Аида Байгелова, Талдықорған ауыл шаруашылығының ұстасы, интернационалист -жауынгер -Асхат Қасенов, «№6 Хромтау гимназиясының» бейнелеу өнері мен сызу пәнінің мұғалімі -Абзал Құрманов, «Казхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты №1 ферроқорытпа пеші цехының көрікшісі - Алтынбек Асанов, Теміртаудағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп -интернатының дэюдодан спорт шебері - Анна Старченко бар, деп партияның баспасөз қызметінде хабарлады.
«Партия төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кешегі Жолдауында айтылған тарихи мәні зор «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ең басты саяси күш - «Нұр Отан» екеніне көзім жетті.
Осындай алдымыздағы ұлы мақсаттарды орындауда сіздермен әрқашан бірге болу үшін халықтың сеніміне, тәуелсіздіктің тірегіне айналған «Нұр Отан» партиясына өтуге бел байладым», - деді партия қатарына өткен Алматы облысы Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы Асылы Осман.
«Егер, еліміздің ең басты байлығы - біздің көпұлтты үйіміздің бейбітшілік пен келісім екенін айтатын болсақ, онда сол бейбітшілік пен татулығымызды сақтап, нығайтуға атсалысып жүрген ұйымдардың бірден-бірегейі «Нұр Отан» партиясы. Сол себептен, партия қатарына кіру туралы ой туындап, үйдегі жанұя мүшелерімен ақылдаса отырып, шешім қабылдадым» деді партия қатарына өткендердің тағы бірі Талдықорған ауыл шаруашылығының ұстасы, интернационалист -жауынгер -Асхат Қасенов.
Жаңа үлгідегі партбилет пластикалық карточка іспеттес. Бет жағында партия билетінің нөмірі, аты-жөні және партияға кірген мерзімі көрсетілген. Сырт жағында партия билетінің құпия саны мен республика бойынша тегін хабарласуға болатын call-орталықтың телефоны (2)597850 жазылған.
Жаңа партиялық билеттер бірыңғай электрондық мәліметтер базасына біріктіріледі, ол мәліметтерді сәйкестендіруге қолайлы, мекенжайыңды ауыстырғанда оңтайлы, есептілік жүргізуге ыңғайлы және партия мүшелерімен қарым-қатынас жасауға жеңіл.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
QAZVAC вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ