- Басты
- Жаңалықтар
- «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы халыққа тегін көмек көрсетуді қамтамасыз етті – П. Педан
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы халыққа тегін көмек көрсетуді қамтамасыз етті – П. Педан
«2009 жылға дейін барлық жеке медициналық ұйымдар сияқты біз де қызметті тек ақылы негізінде атқардық. Алайда, нәтижелі мемлекеттік саясат пен Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесінің (БҰДЖ) енгізуі арқылы ХАК медициналық орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі шеңберінде халыққа тегін қызмет етуге мүмкіндік алды (ТМККК)», - деді П. Педан.
БҰДЖ шеңберіндегі жұмыстың 4 жылдық тәжірибесі меншік түріне қарамай барлық клиникалар тең бәсекелестік жағдайда жұмыс істейтінін көрсетті.
«БҰДЖ қатысушы болып біз ТМККК шеңберінде қызмет көрсету аясын кеңейту үшін барынша күшімізді салдық. 2010 жылы стационарлық қызмет бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуының алғашқы кезеңінде - біз гинекология мен жалпы хирургия саласында қызмет көрсеттік. 2011 жылы орталық жоғары мамандырылған медициналық көмекті көрсетуге мүмкіндік алды. Олар травматология, гинекология, урология, нейрохирургия», - деді ол.
Қазіргі заманға сәйкес диагностикалық емдік жабдықтар сатып алынды. ХАК медициналық орталықтың дәрігерлік құрамы Германия, Ресей, Корея елдерінің жетекші клиникаларында оқытылуда. Сонымен қатар біз жоғары мамандандырылған шетелдік клиникалар мен мамандармен ынтымақтастық жасап отырмыз.
«Клиникадағы дәрігерлердің менеджмент пен уәждеме жүйесінің икемділігі оларға қазіргі уақыт режимінде қызметті нәтижелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көрсетілген барлық инвестициялар мен шығындар өз қаржымыздың есебінен жасалған.Жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі жеке медициналық мекемелерге мемлекеттен бөлінген қызмет көлемінің есебінен тұрақты табысты алуға мүмкіндік берді», - деді П. Педан.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды