- Басты
- Жаңалықтар
- 4 жылда біздің аурухана бюджеті 2,5 есеге өсті – СҚО облыстық ауруханасының бас дәрігері
4 жылда біздің аурухана бюджеті 2,5 есеге өсті – СҚО облыстық ауруханасының бас дәрігері
«БҰДС жағдайында халықтың сұранысын ескере отырып аурухананың орындық қоры жұмысының тиімділігіне сараптама жасадық. 2010 жылдың соңына қарай тиімді емес 125 жұмыс төсегі оңтайландырылып, 2012 жылы бұлардың қатарына тағы 30-ы қосылған. Егер 2010 жылы 12,5 мың науқасты емдеп шығарсақ, 2013 жылы шамамен 10 мың науқастың жанына араша болдық. Осы тұрғыда біз күндізгі стационарлардағы ем алатындардың санын 8 есеге дейін арттыра алдық. Бұл өз кезегінде мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыра түсті», - дейді Ю.Белоног.
Оның айтуынша, «ақша пациентке байланысты ұстанымына сай, бүгінде облыстық ауруханада өзге облыстардың шекаралас аудандарының халқынан да ем іздеп келушілер бар. 2013 жылы арнайы Петропавл ауруханасына шеттен келгендер саны 200 адамды құрап, олар ауруханаға 20 млн теңге кіріс кіргізді.
«Жалпы, соңғы 4 жылда біздің бюджет тарифтің шынайы толығуымен 2,5 есеге дейін өсті. Емнің сапасы ауруханадағы құрылғыға да байланысты екені рас. Науқастар үшін қаржылық лизинг тәртібімен 2011 жылдан бастап 287,7 млн теңгеге 19 құрылғы сатып алдық», - дейді облыстық бас дәрігер.
«Медициналық мекеменің КМК-тен ауысуы қызметкерлердің санын өзімізше анықтауға, еңбек жалақысын белгілеуге, мекеменің қорын бекітуге, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін айқындауға, дифференцияланған еңбекақы жүйесін дайындауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 18%, медбикелердің еңбекақысы 21% көбейді», - дейді Ю.Белоног.
Ю.Белоногтың айтуынша, «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтылған халықтың өмір ұзақтыңын 80 жастан асыру туралы алға қойған міндеттемелеріне қол жеткізу үшін алдымен стационарлы көмек қызметінің біліктілігін арттырып, халыққа қолжетімді ету керек.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді