- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа үлгісі еңбек өтілімі мен біліктілігін ескереді- ЕХӘҚМ
Азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа үлгісі еңбек өтілімі мен біліктілігін ескереді- ЕХӘҚМ
«Баршымызға белгілі болғандай, Елбасы ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы халыққа Жолдауында Үкіметке ағымдағы жылы азаматтық қызметкерлердің жалақысын есептеу бойынша жаңа үлгіні жасақтап, 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін енгізуді тапсырды.
Азаматтық қызметкерлердің қызметінің тізімі Үкімет 2007 жылдың 27 қаркүйегінде бекітті. Азаматтық қызметтің жұмысшылары Қазақстан экономикасының көптеген секторында жұмыс істейді және олар 1 млн азамат. Олардың басым бөлігі білім саласында - ұстаздар мен мұғалімдер, денсаулық сақтау саласының - медицина қызметкерлері, мәдениет, спорт және көбіне әлеуметтік саланың қызметкерлері. Олардың еңбегі халыққа мемлекеттік қызметті көрсетуде үлкен рөл атқарады», - деп Г. Әлімбекова атап өтті.
Сонымен қатар, ол жаңа үлгінің басты принциптеріне кеңінен тоқталды.
«Егер, біз жаңа жүйеге тоқталатын болсақ, министрлік бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны тағайындау бойынша халықаралық тәжірибені таныстырды. Көптеген елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, онда оларда жалақыны тағайындау барысында қызметкерлердің еңбек өтілімі және біліктілігімен қатар оның қызметінің күрделілігі, басқару жауапкершілігі есепке алынады. Міне, дәл осы принциптерді біз жаңа үлгіні жасақтау барысында енгізетін боламыз», - деді Г. Әлімбекова.
Оның айтуынша, жаңа жүйе аясында әр мемлегеттік қызметкер өзінің деңгейі және біліктілігі бойынша жалақы алады.
«Қолданыстағы жүйеде мемлекеттік мекемеде, мейлі ол облыстық немесе республикалық, әлде аудандық болсада қызметкерлердің жалақысы жалпыға бірдей. Ал, жаңа жүйе бойынша әр қызметкердің өзінің деңгейіне байланысты өз жалақысы болады», - деп Г. Әлімбекова хабарлады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері