- Басты
- Жаңалықтар
- ЕХӘҚМ дәрігерлер мен ұстаздардың еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесінің жобасын дайындады
ЕХӘҚМ дәрігерлер мен ұстаздардың еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесінің жобасын дайындады
Шараға ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, мемлекеттік орган мен қоғамдық қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Жиынды ашқан Мәжіліс депутаты Кеңес төрағасы Гүлнәр Сейтмағанбетова Мемлекет басшысының Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделін дайындауды және енгізуді тапсырғанын еске салды.
«Басты модель денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын 28%, білім беру саласы қызметкерлерінікін 29%, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің айлық жалақысын 40% көтеруге негіз болуы керек», - деді Кеңес төрағасы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесінің моделін таныстырды. Оның айтуынша, жобада азаматтық қызметкерлердің міндетін бөлу мен біліктілік деңгейі, білімі, менеджмент ұйымы, қызмет саласына байланысты олардың еңбекақысын төлеу критерийлерін анықтау қарастырылған.
«Қолданыстағы жүйеде түрлі кәсіби құзіреттегі, жауапкершілік деңгейіндегі және жұмыс қиындығына сай мамандардың еңбекақысын төлеу бір деңгейде қарастырылады. Біз төрт функционалды блок бойынша қызметтерді анықтаймыз», - дейді Аида Құрманғалиева.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызмет міндеттерін бөлетін басқару, негізгі, әкімшілік және көмекші блоктарды құруды ұсынуда.
«Олардың әрқайсында біліктілік деңгейі, білімі, менеджмент ұйымы, қызмет саласына байланысты олардың еңбекақысын төлеу критерийлерін анықтайтын боламыз», - дейді жауапты хатшы.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері