• Басты
  • «WikiBilim» басшысы қазіргі қазақ тілінің проблемалары туралы айтты
21 Желтоқсан, 2012 00:00

«WikiBilim» басшысы қазіргі қазақ тілінің проблемалары туралы айтты

«WikiBilim» қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы қазіргі қазақ тілінің проблемалары мен оны жаңғырту қажеттілігі туралы айтып берді.
«WikiBilim» басшысы қазіргі қазақ тілінің проблемалары туралы айтты | Strategy2050.kz

Оның айтуынша, ПРезидент Нұрұслтан Назарбаев «2050 Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында алдағы жылдарда мемлекеттік тілді дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындады. 

«Тілге жаңғырту қажет екені даусыз. Біздің тіліміздегі шектеулер мен заманға сай еместігі оның тұрмыстан тыс және мектеп бағдарламасынан өзге, алға қарай үлкен қадам жасауға кедергі келтіруде. Әрбір адам туған тілінің аясынан шықпай-ақ, тұлға ретінде, маман ретінде қалыптасуының маңызы зор», деді Рауан Кенжеханұлы. 

«WikiBilim» басшысы атап өткендей, ол үшін білім, ғылым, экономика, бизнес, технология, қазіргі заманғы бұқаралық мәдениет, ойын-сауық және тағы басқаларға қатысты заманауи және жоғары сұранысқа ие контент қажет. 

«Әрбір тіл өз мазмұнымен тартымды әрі күшті. Сондықтан, қазақ тілінде қызықты, сұранысқа ие мазмұн құру бойынша ауқымды жұмыстар қажет. Ерекше контент құру осы жұмыстың маңызды бір бөлігі, бірақ негізгі көзі – өзге тілдер болмақ. Президент сол себепті аударма ісі мен терминологияға икемді және сындарлы әдістер қолдану қажет екенін айтты деп ойлаймын», деді ол. 

Еске сала кетсек, «Қазақша Википедиа» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің ,басқаруымен жүзеге асырылуда. 

Жоба 2011 жылғы маусымда іске қосылды. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша, «Қазақша Википедиа» жобасы Жыл Википедиясы деп аталды (жыл бойы мақалалардың саны және көлемімен қатар, белсенді редакторлар саны да артқан». 

Аталған жобаның мақсаты Википедия ғаламдық энциклопедиясының қазақ тілді бөлігін дамыту боп табылады. Энциклопедия мақалаларын Википедияны пайдаланушылар жасайды. Олар редакторлардың рөлін атқарады.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды